Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Есірткіге тәуелділіктен емдеу
Басты Сот және сот төрелігі Есірткіге тәуелділіктен емдеу

        Шарбақты аудандық сотымен есіркіге тәуелді Хмельнцикое ауылының, 1987 жылы туылған тұрғынын мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы аудандық аурухананың қолдаухаты қаралды.

       Аурудың анасы сотты қолдаухатты қанағаттандыруды сұрап, ұлының көп жылдан бері есірткіге тәуелді екендігін түсіндірді.

       Сотта участкелік инспектор аталған азамат тұрғылықты жер бойынша теріс жағынан мінезделетінін, есірткі қабылдайтынын және қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды.

       Ауру есірткіден емделу курсын өтуге келісті.

       Сот ауруханының қолдаухатты қанағаттандырып, оны 12 айға есірткі тәуелділігінен емдеуга жолдады.

        Шешім заңды күшіне енді.

 

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі