Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мемлекеттік инспектор сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Мемлекеттік инспектор сотталды

Шарбақты аудандық сотымен заңсыз ағаш кесу және ұрлық фактісі бойынша «Ертіс орманы» РММ Бесқарағай филиалының мемлекеттік инспекторына қатысты қылмыстық іс қаралды.

       2018 жылдың 29 қаңтарында сотталушы ағаш кесуге  рұқсат беру құжатынсыз Первомайское орман шаруашылығының №157 кварталынан «Қарағай» тұқымды құрғақ өсіп тұрған 19 дана ағашты кесіп алған. Ағаштарды шөркелеп, жеке көлігіне тиеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

      Қылмыс барысында мемлекетке 43189 тенге көлемінде шығын келген.

      Сотталушы сотта кінәсін толығымен мойындады. Шығын өтеу туралы түбіртекті ұсынып, қатаң жазаламауды сұрады.

      Сот инпекторды ҚК 188 б. 1 б., 340 б. 3 б. бойынша айыпты деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

      Сондай ақ, «УАЗ» маркалы автокөлік қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді.

      Үкім заңды күшіне енген жоқ

       «Шарбақты аудандық сотының

        Баспасөз қызметі»