Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңды талапқа бағынбаған
Басты Сот және сот төрелігі Заңды талапқа бағынбаған

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы 2018 жылдың 15 ақпанында сағат 19:25 шамасында Шарбақты-Орловка автожолында «БИП» ЖҚС жанында «Mazda 6» көлігін басқарып келе жатып полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

     Сотта ол кінәсін мойындамай, көлікті басқарып келе жатқанда полиция қызметкерлерін көрмегенін түсіндірді.

    Бірақ оның түсініктемесі полиция қызметкерлері берген түсініктемеге сай келмейді. Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны арнайы құралдардың көмегімен тоқтатқанда, ол Орловка ауылында қарай тоқтамай жүріп кеткен.

        Сот жүргізушіні ӘҚБК 613 б. 3-1 т. бойынша айыпты деп танып, 120250 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        Баспасөз қызметі»