Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Зейнеткер сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Зейнеткер сотталды

Шарбақты аудандық сотымен Хмельницкое ауылында тұратын зейнеткерге қатысты жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 12 қарашасында азаматша күні бойы ішімдік ішкен. Сол күні сағат 20:30 шамасында үйіне келгенде оны 1977 жылы туылған ауыр мас күйдегі ұлы қарсы алған. Олардың арасында жанжал шығып, кейін төбелеске ұласқан. Осы мезетте анасы ашу үстінде ас үйден пышақты алып, бөлмедегі ұлының ішінен төмен жерге пышақ салған. Ұлы қашпақ болған кезде оның арқасынан пышақпен ұрған.  Келтірілген жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.

Сот талқылауы барысында сотталушы прокурормен және жәбірленуші тараппен кінәсін мойындау процесуалды келісімге келген.

Сот азаматшаны ҚК 106 б. 3 б. айыпты деп танып, жазасын қылмыстық – атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемеде өтеумен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

          Шарбақты аудандық сотының

          Баспасөз қызметі