Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңсыз кәсіпкерлік
Басты Сот және сот төрелігі Заңсыз кәсіпкерлік

      Арнайы органдардың рұқсатынсыз және тіркеусіз кәсiпкерлiк айналысқаны үшін Шарбақты аудандық сотымен Галкин ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

       2017 жылдың 21 желтоқсанында құқықбұзушы өз үйінде көлемі 1,5 литр полимерді ыдыстағы алкогольді өнім сатқан.

     Сот отырысында анықталғандай ол жеке кәсіпкер ретінде Шарбақты ауданының кірістер басқармасында тіркелмеген.

      Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 463 б. 1 б. Бойынша айыпты деп танып, 25253 тенге айыппұл тағайындады. Сондай ақ табылған алкогольді өнім мемлекет пайдасына тәркіленді.

       Қаулы заңды күшіне енді.

   

       Шарбақты аудандық сотының

       Баспасөз қызметі