Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бағынбаушылық көрсеткен
Басты Сот және сот төрелігі Бағынбаушылық көрсеткен

        Шарбақты аудандық сотымен құқық қорғау органы қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талабына бағынбаған Шарбақты ауылы тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 22 желтоқсанында сағат 03:45 шамасында құқықбұзушы Шарбақты ауылы М.Горький көшесі бойында орналасқан жағармай құю бекетінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды балағаттаған.

Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 667 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 1 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

         Қаулы заңды күшіне енді.

   

         Шарбақты аудандық сотының

         Баспасөз қызметі