Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
2017 жылға сот төрелігін іске асыру бойынша пресс-конференция өтті
Басты Сот және сот төрелігі 2017 жылға сот төрелігін іске асыру бойынша пресс-конференция өтті

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін Шарбақты аудандық сотында 2017 жыл үшін сот төлігін іске асыру бойынша пресс-конференция өтті.

Сот төрағасы Х.Сраиловпен өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда аталған мерзім үшін статистикалық мәліметтер айтылды. Осылайша, 2017 жылғы 12 айында сотпен 82 қылмыстық іс, 606 азаматтық іс және 532 әкімшілік құқықбұзушылық істері қаралды. 2016 жылмен салыстырғанда істердің түсіуі мен қаралуы артқаны байқалды.

Сот төрағасы сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы айтып өтті, осы замандағы технологияларды қолдану мен енгізу сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, халық үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз етеді.

Соңында ол сотта тұрақты негізде БАҚ-пен жұмыс атқарылатынын атап өтіп, газет өкіліне алғысын білдірді.

 

    Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі