Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы Кодексініне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы «дөңгелек үстел»  
Басты Сот және сот төрелігі «Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы Кодексініне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы «дөңгелек үстел»  

 

Шарбақты аудандық сотында төраға Х.Сраиловтың, аудан прокуроры С.Жижистің және жергілікті полиция қызметінің қатысуымен «Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша Қазақстан Республикасы Кодексініне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара барысында Х.Сраилов қатысушыларды аталған кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттамаларды құру кезінде оларды қолданумен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, енгізілген түзетулер соттар, уәкілетті органдардың және лауазымды тұлғалар арасында әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау бойынша құзыреттілікті саралауға бағытталғанын түсіндірді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар хаттамаларды құрастыруды қарау бойынша өзекті мәселелерді талқылап өтті.

 

 Шарбақты аудандық сотының

 баспасөз қызметі