Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шығын өтелді

          Шарбақты аудандық сотымен шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

          Талапкер сотқа жүгініп, 2017 жылы азамат Ш. мал бағу туралы ауызша келісімге келгенін түсіндірді. 2017 жылдың 03 қыркүйегінде кешкі уақытта талапкер өзінің бұқасының жайылымнан келмегені анықталған. Бір сағат ішінде талапкер мен жанұя мүшелері жоғалған бұқаны іздестірген. Бірақ таба алмаған соң, жауапкерге малдың жоғалуы туралы хабарлаған.

          Сот талқылауында жауапкер талап-арызды мойындамай, сол күні бұқа жайылымнан келгенін нақтады. Бұқаның жоғалғаны туралы бір сағат өткеннен кейін білген.

          Сот іс материалдарын зерттеп, куәгерлердің айғақтарын тыңдап, жауапкерден материалды шығын ретінде талапкердің пайдасына 180000 тенге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

         Шешім күшіне енбес бұрын жауапкер шығынды ерікті түрде өтеді.

          Шешім заңды күшіне енді.

          Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі