Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Заңсыз қару сақтаған
Басты Сот және сот төрелігі Заңсыз қару сақтаған

          Шарбақты аудандық сотымен заңсыз электр қаруын сақтаған Павлодар қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

         2017 жылдың 24 қарашасында «Шарбақты-автомобильное» шекара бекетінде шекарашылармен  автокөлікті тексеру барысында көліктің ішінен ішкі істер органдарының рұқсатынсыз заңсыз сақтаудағы электр қару-шам табылып, тәркіленген.

        Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, аталған фонарьді Петропавловск қаласында сатып алғанын, оның қару екендігін білмегенін түсіндірді.

        Сот оны ӘҚБК 482 б. 1 б. айыпты деп танып, 33670 тенге сомасында айыппұл тағайындады. Сондай ақ, қару мемлекет пайдасына тәркіленді.

        Қаулы заңды күшіне енді.

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі