Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алимент төлеу парыз  
Басты Сот және сот төрелігі Алимент төлеу парыз  

 

Шарбақты аудандық сотымен алимен төлеуден жалтарып жүрген Жылы-Бұлақ ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешіміне сәйкес құқықбұзушыдан 2014 жылы туылған баласына алимент өндіріп алынған.

Бірақ ол сот орындаушысының бірнеше ескертулеріне қарамастан алимент төлеуден жалтарып жүрген, осыған байланысты 873 542 тенге көлемінде берешек қалыптасқан.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, алимент төлеуден бас тарпайтынын, қазірге кезде жұмыс жоқтығынан алимент төлеуге мүмкіндігі жоқтығын түсіндірді. Алдаға уақытта жұмысқа түсіп, берешекті төлейтінін түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 669 бабы бойынша айыпты деп танып, 3 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

          Қаулы заңды күшіне енді.

          Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі