Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сауықтандыру кешенінде ұрлық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Сауықтандыру кешенінде ұрлық жасаған

        Шарбақты аудандық сотымен «Лесная сказка» сауықтандыру кешенінде болған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

       2017 жылдың 30 қазаны күні сағат 23:00 шамасында еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны Шарбақты ауданынң орман ішінде орналасқан сауықтандыру кешенінің шаруашылық қоймасына есікті шешіп кіріп, оның ішінен 36740 тенге сомасына мүлікті ұрлап кеткен.

       Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындап, «Лесная сказка» сауықтандыру кешенінің қоймасынан мүлікті ұрлаған түсіндірді. Ұрланған заттарды «ВАЗ 21063» маркалы көлігіне тиеп, Жана-Ауыл ауылындағы үйіне апарған.

        Сот оны ҚК 188 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

       Сондай ақ, «ВАЗ 21063» маркалы көлігі қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді.

        Үкім заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»