Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көлікті заңсыз иемденген
Басты Сот және сот төрелігі Көлікті заңсыз иемденген

       Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

       2017 жылдың 08 қарашасында сотталушы сағат 22:30 шамасында, мас күйінде Шарбақты ауылы тұрғының үйіне терезе арқылы кірген. Үйдің иесі компьютерде жұмыс істеп отырғанын пайдаланып, автокөліктің және гараж кілттерін ұрлып кеткен. Әрі қарай гараж есігін ашып, «Ваз-21102» маркалы көлігін заңсыз иемденген. Аталған көлікпен Александровка ауылына келіп, көлік багажындағы екі дөңгелекті ауыл тұрғынына бір бөтелке араққа ауыстырып жіберген.

        Қылмыс барысында жәбірленушіге 212000 тенге материалды шығын келтірілген.

        Сот тергеуі басталмас бұрын тараптар татуласып, қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылған.

         Қаулы заңды күшіне енген жоқ

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»