Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ағалы-қарындасты ұрлық жасаған
Басты Сот және сот төрелігі Ағалы-қарындасты ұрлық жасаған

       Шарбақты аудандық сотымен «Победа» ЖШС жұмыскеріне және оның қарындасына қатысты қылмыстық іс қаралды.

       2017 жылдың 24 қазанында сағат 02:00 шамасында ағасы мен қарындасы тауыққораға кіріп, екі үйректі ұрлап кеткен.

      2017 жылдың 26 қазанында сағат 02:00 шамасында олар басқа үйден темір тордың ішінен кіріп, үш үйректі ұрлап кеткен.

      Қылмыс барысында жәбірленушілерге жалпы құны 12000 тенге көлемінде шығын келтірілген.

        Сотта тараптар медиация тәртібінде татуласып, сотталушылар жазадан босатылды.

         Қаулы заңды күшіне енген жоқ

         «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»