Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды
Басты Сот және сот төрелігі Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

     Шарбақты аудандық сотымен ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Шарбақты ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны сотталды.

       2017 жылдың 16 қыркүйегінде сотталушы үйіне келіп, азаматтық некедегі әйелі мас күйінде екендігін көрген. Ол әйелін бөгде еркекпен ішімдік ішті деп шешіп, қызғаныштан жанжал туындап, ол әйелінің кеуде тұсына пышақпен бір соққы жасаған.

      Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленуші оны кешіруіне байланысты қатаң жазаламауды сұрады.

       Сот оның ҚК 106 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 120 сағатқа еңбекке мәжбүрлеп тартумен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

          Үкім заңды күшіне енген жоқ

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»