Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жазадан мерзімінен бұрын босатылды
Басты Сот және сот төрелігі Жазадан мерзімінен бұрын босатылды

     Шарбақты аудандық сотында Пробация қызметінің азаматша С. жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухаты қаралды.

     Іс материалдарына сәйкес азаматша С. Шарбақты аудандық сотының үкімімен ҚК 104 б. 1 б. сотталып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

     Қолдаухатты қарау барысында анықталды, С. жазасын өтеу мерзімінде бұзушылықтар жасамаған, мекен-жайы бойынша жақсы жағынан мінездемеледі, полицияға түспеген.

     Сот, аталған мән-жайларды ескере отыра Пробация қызметінің қолдаухатын қанағаттандырды. Сот қаулысымен сотталушы жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

          Қаулы заңды күшіне енген жоқ

          «Шарбақты аудандық сотының

          баспасөз қызметі»