Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ата-аналық құқығы шектелді
Басты Сот және сот төрелігі Ата-аналық құқығы шектелді

     Шарбақты аудандық сотымен ата-аналық құқығын шектеу туралы азаматтық іс қаралды.

     «Шарбақты ауданының білім бөлімі» ММ сотқа З. атты азаматшаны ата-аналық құқығын шектеу туралы арыз түсірді.

     Талапкердің арызына сәйкес аталған азаматша балалардың тәрбиесімен айналыспайды, спирттік ішімдіктер жиі қолданады, әкімшілік жауапкершілікке тартылған және балаларға тұрмысында жағдай қалыптастырмайды.

      Сот іс материалдарын зерттеп, тараптарды және прокурордың қорытындысын тыңдап, кәмілеттік жасқа толмаған екі балаға қатысты анасының ата-аналық құқығын шектеу туралы шешім шығарды.

         Шешім заңды күшіне енген жоқ

         «Шарбақты аудандық сотының

         баспасөз қызметі»