Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Әкімдікте жанжал шығарған  
Басты Сот және сот төрелігі Әкімдікте жанжал шығарған  

 

      Шарбақты аудандық сотымен еш жерде жұмыс істемейтін Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

      Құқықбұзушы 2017 жылдың 06 қазанында Шарбақты ауылының әкімшілігі ғимаратында оның қызметкерлерін және әкімді балағаттаған.

      Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындамай, жанжал өзінің жұмыс өтілін есептеу бойынша шыққанын түсіндірді.

      Бірақ оның заңға қайшы жасалған әрекеттерін әкімдік қызметкерлері растады.

      Сот құқықбұзушының жыл ішінде мемлекеттік мекемелерде ұқсас бірнеше құқықбұзушылық жасағандарын ескере отыра, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

       Қаулы заңды күшіне енген жоқ

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»