Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Бидай ұрлағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Бидай ұрлағаны үшін

       Шарбақты аудандық сотымен бидай ұрлаған «Победа» ЖШС-нің жүргізушісі сотталды. 

       2017 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 06:50 шамасында сотталушы «ЗИЛ 130» автокөлігімен ЖШС астық қырманының аумағына кіріп, қоймадан көлікке үш тонна шамасында бидай астығын тиеп алып, тексеру-өткізу бекеті арқылы еш кедіргісіз шығып кеткен. Ұрланған астықты үйінің ауласының сыртына төгіп тастаған.

      Қылмыс барысында «Победа» ЖШС-не 117000 тенге материалды шығын келтірілген.

      Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

      Сот жүргізушіні ҚК 188 б. 1б. (ұрлық) бойынша айыпты деп танып, 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.  

       Үкім заңды күшіне енді

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»