Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
ЖШС жұмыскері сотталды
Басты Сот және сот төрелігі ЖШС жұмыскері сотталды

      Шарбақты аудандық сотымен ұрлық жасаған «Победа» ЖШС-нің жұмыскеріне  қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Сотталушы 2017 жылдың 28 қыркүйегінен 02 қазаны аралығында ЖШС қоймасынан темір тұрбаларды ұрлап, үйіне велосипедіне салып тасыған. Ол ұрланған заттарды аудан орталығына автокөлікпен темір қабылдау орнына тапсыру үшін әкеле жатқанда, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

         Қылмыс барысында 1 тоннаға жуық темір ұрланып, «Победа» ЖШС-не 55000 тенге материалды шығын келтірілген.

         Сотталушы кінәсін сотта толығымен мойындады.

          Сот оны ҚК 188 б. 2 б. айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай ақ, велосипед қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленді. 

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»