Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жауапкершіліктен босатылды
Басты Сот және сот төрелігі Жауапкершіліктен босатылды

       Шарбақты аудандық сотымен велосипед ұрлықтары бойынша Шарбақты ауылының бұрын сотталаған, еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

        Сотталушы 2017 жылдың маусым айында Шарбақты ауылында «Асхат», «Ласточка» дүкендері және музыкалды мектептің жанында қараусыз тұрған велосипедтерді ұрлап кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушілерге жалпы құны 63000 тенге көлемінде шығын келтірілген.

       Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушы жәбірленушілермен татуласып, ұрланған велосипедтер иелеріне қайтарылды.

       Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

       

       Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»