Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Мал ұрлығы бойынша іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Мал ұрлығы бойынша іс қаралды

         Шарбақты аудандық сотымен Лебяжье ауданының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Сотталушылар 2017 жылдың 16 тамызында «Вmw 520» маркалы автокөлігімен Шарбақты ауданының Шалдай ауылына мал ұрлау мақсатында келген.

        Шалдай ауылынан үш шақырым жерде орман арасында қараусыз, жайылып жүрген бұқаны көріп, сотталушылар оны ұстап алмақ болып, мойнына арқан салған. Бұқа олардан қашып, орға құлағанда, сотталушылардың біреуі бұқаның тамағын кесіп жіберген. Бірақ ауыл тұрғыны оларды байқап қалып, өздерінің қылмыстық ойларын соңына дейін жүзеге асыра алмаған.

        Қылмыс барысында жәбірленушіге 170000 тенге материалды шығын келтірілген.

        Сот тергеуі басталмас бұрын тараптар медиация тәртібінде татуласып, қылмыстық іс қысқартылды. Сотталушылар сот залынан күзетпен ұстаудан босатылды.

        Сот қаулысымен автокөлік қылмыс құралы ретінде мемлекет пайдасына тәркіленеді.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»