Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қаруды заңсыз сақтаған
Басты Сот және сот төрелігі Қаруды заңсыз сақтаған

      Шарбақты аудандық сотымен қаруды заңсыз сақтаған Жылы-Бұлақ ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

      2017 жылдың 25 тамызында полиция қызметкерлерімен құқықбұзушының үйінен ішкі істер органдарының рұқсатынсыз, заңсыз сақталған «ИЖ-58» маркалы ату қаруы табылып, тәркіленген.

      Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, аталған қаруды ауылдың жанынан тауып алып, үйде сақтап қойғанын түсіндірді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес аталған қару, қос ұқпанды аңшылық ату мылтығы болып табылады.

      Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 482 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, қаруды тәркілеумен 45380 тенге айыппұл тағайындады.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

         «Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»