Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жол-көлік оқиғасы
Басты Сот және сот төрелігі Жол-көлік оқиғасы

      Шарбақты аудандық сотымен электр желісі бағанасын соққан Александровка ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

       2017 жылдың 10 қазанында құқықбұзушы Александровка ауылындағы «Абая» ЖШС аумағында «LW 300 F» маркалы тракторының басқаруына ие бола алмай электр желісі бағанасын соққан.

      Соқтығыс барысында Павлодар облысының «ПРЭК» АҚ материалды шығын келтірілген.

       Сот отырысында «ПРЭК» АҚ өкілі құқықбұзушыдан келтірілген шығынды өндіріп алуды сұрады.

Сот жүргізушіні ӘҚБК 610 б. 1 б. (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) айыпты деп танып, оған 22690 тенге айыппұл тағайындады.

       Сондай ақ, сот жәбірленушінің пайдасына шығын сомасын 83762 тенге 84 тиын өндіріліп алынды.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»