Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алкоголь ұрлағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Алкоголь ұрлағаны үшін

 

          Шарбақты аудандық сотымен бөтеннің затын ашық түрде ұрлаған бұрын сотты болған, еш жерде жұмыс істемейтін Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

          2017 жылдың 11 тамызында сотталушы өзінің өгей әкесінің гаражынан жалпы құны 25000 тенгеге мүлікті ұрлап кеткен.

          Сотта тараптар медиация тәртібінде татуласып, сотталушы ҚК 188 б. 2 б. бойынша жазадан босатылды.

         2017 жылдың 20 тамызында сотталушы Шарбақты ауылында орналасқан дүкенге мас күйінде келіп, екі бөтелке сыра және бір бөтелке квасты ашық түрде ұрлап кеткен.

         Сотта сотталушы кінәсін мойындап, аталған күні дүкенге кіріп, тоңазытқыштан ішімдіктерді алғанын түсіндірді. Одан әрі сатушының ескертуіне қарамай, оқиға орнынан кетіп қалған.  

         Сот оны ҚК 191 б. 1 б. (мүлікті ашық түрде ұрлау) бойынша айыпты деп танып, 100 сағатқа еңбекке мәжбүрлеп тартумен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

         Сондай ақ, сотталушыға медициналық және психиатрда мәжбүрлі түрде емделу шарасы тағайындалды.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»