Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Алкогольді өнімді заңсыз сату
Басты Сот және сот төрелігі Алкогольді өнімді заңсыз сату

         Шарбақты аудандық сотымен алкогольді өнімді заңсыз сатқаны үшін Красиловка ауылының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         2017 жылдың 23 тамызында құқықбұзушы өзінің үйінен спирттік ішімдікті ауыл тұрғынына заңсыз сатып, ҚР алкогольдік өнімнің айналымы заңнамасын бұзған.

        Сот оны ӘҚБК 282 б. 3 б. бойынша айыпты деп танып, 79415 тенге көлемінде айыппұл тағайындады. Сондай ақ, сот қаулысымен 77 бөтелке спирттік ішімдік мемлекет пайдасына тәркіленді.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»