Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Сот кабинеті» мобилдік косымшасы түсіндірілді
Басты Сот және сот төрелігі «Сот кабинеті» мобилдік косымшасы түсіндірілді

 

          Шарбақты аудандық сотында «Сот кабинеті» мобилдік косымшасы сервисін халыққа түсіндіруге арналған брифинг өткізілді.

       Аталған шараға аудандық «Трибуна» газетінің өкілі қатысты. Брифинг барысында аудандық сот төрағасы м.а. Х.Сраилов ҚР Жоғарғы Сотымен сот қызметінде заманауи технологияларды қолдануды енгізу бойынша әрдайым жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Осы технологиялардың бірі «Сот кабинеті» мобилдік косымшасы. Аталған қосымша арқылы өзінің ұялы телефонын немесе планшетін қолдана отыра сот отырысының қатысушылары істің барысын бақылып, сот актілермен таныса алады.

        Сот жүйесінде заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот өндірісін жеңілдетіп, төрешілдік кедергілерін, сот кызметкерлері мен азаматтар арасындағы жақындасуды, сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Бұл ресурс сот жүйесінің қолжетімділігінің халыққа тағы да біртабан жақындай түскенін көрсетеді.

      Шарбақты аудандық сотының

      Баспасөз қызметі