Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жол-көлік оқиғасы
Басты Сот және сот төрелігі Жол-көлік оқиғасы

 

 

       Шарбақты аудандық сотымен жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы 2017 жылдың 04 қазанында Шарбақты ауылында «Nissan Sunny» көлігін басқарып келе жатып, автотұраққа бұрылыста «Audi 80» автокөлігін өткізбей, онымен соқтығысқан.

       Жол апаты барысында акөліктер зақымдалып, материалды шығын келтірілген.

       Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, көк тайғаққа байланысты соқтығысқа жол бергенін түсіндірді.

        Сот, оны ӘҚБК 610 бабы 1 бөлігі бойынша айыпты деп танып, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ

        «Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі»