Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталды

 

 

       Шарбақты аудандық сотымен «Қазпочта» АҚ күзетшісіне ауыр дене жарақаттарын келтірген Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

         2017 жылдың 26 маусымында сағат 04:00 шамасында сотталушы мас күйінде дүкеннің жанында «Қазпочта» ғимаратының күзетшісін кездестірген. Әрі қарай сотталушы туындаған жанжал барысында жәбірленушінің мойын тұсына пышақпен бір соққы жасаған.

        Сот-медициналық сараптамаға сәйкес соққыдан жәбірленушінің арқа жүйкесі зақымдалып, Броун-Секар синдромы қозған.

        Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасалды.

       Сот үкімімен сотталушыға 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

       Үкім заңды күшіне енген жоқ.

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»