Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін

 

 

       Шарбақты аудандық сотымен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін ҚР бұрынғы азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

        Іс материалдарына сәйкес құқықбұзушы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 2017 жылдың 1 тамызында РФ паспортын алған. Бірақ ол туралы белгіленген отыз күн ішінде ҚР уәкілетті органдарына хабарламаған.

      Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, заңнама нормаларын білмеуіне байланысты хабарламағанын түсіндірді.

      Сот оны ӘҚБК 496 б. 2 б. бойынша кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы шегінен шығару түрінде жаза тағайындады.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

     «Шарбақты аудандық сотының

     баспасөз қызметі»