Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін
Басты Сот және сот төрелігі Айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін

Айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін

 

Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауылының жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың ақпанында Шарбақты ауданының ІІБ құқықбұзушыға 226900 тенге көлемінде айыппұл салынған. Бірақ ол тағайындалған айыппұлды төлемеген.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындамай, ІІБ қаулысын орындамаған себебі аталған қаулымен келіспейді, өзін айыпты деп санамайтынын түсіндірді.

Сот оны ӘҚБК 669 (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша айыпты деп танып, оған 22960 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»