Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Өрт сөндіруші жазадан босатылды
Басты Сот және сот төрелігі Өрт сөндіруші жазадан босатылды

Шарбақты аудандық сотымен «Казавиаорманкүзеті» өрт сөндірушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

         06.06.2017ж. сотталушы Шалдай ауылының маңынан«Ертісорманы» РММ тиесілі 11 дана телефон темірбетон бағаналарын ұрлаған. Қылмыс барысында мемлекетке 49170 тенге материалды шығын келтірілген.

        Сот мәжілісі барысында жәбірленушінің өкілінен ұрланған мүліктің қайтарылуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш келіп түсті.

         Сот сотталушыны ҚК 188 б. 1 б. (ұрлық) бойынша жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босатты.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»