Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сотта татуласты
Басты Сот және сот төрелігі Сотта татуласты

 

Шарбақты ауданық сотымен құны 37000 тенге тұратын велосипедті ашық түрде ұрлаған «Шарбақты-Құс» ЖШС жұмыскеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

        2017 жылдың 06 шілдесінде сотталушы мас күйінде Шарбақты ауылында «Мимино» дүкеніне сыра сатып алуға келген. Ол дүкен алдында тұрған «Аltair» маркалы велосипедті көріп, оны ұрламақ болған.  Ұрлық барысында оны велосипедтің иесі байқап қалған. Бірақ ол ұрланған велосипедке мініп, қашып кеткен.

          Сотталушы мен жәбірленуші шығынның өтелгеніне байланысты медиация тәртібінде татуласу туралы келісімге келді.

  Сот сотталушына қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

   Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»