Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Нұсқаманы орындамағаны үшін жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Нұсқаманы орындамағаны үшін жазаланды

 

         Шарбақты аудандық сотымен Александровка ауылының «Балапан» балабақшасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

            2017  жылдың 02 мамырында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен «Балапан» балабақшасына қатысты ҚР өрт қауіпсіздігі саласында заңының тармағы бойынша кемшілікті жою туралы нұсқама жолданған.

        Бірақ тексеру барысында аталған нұсқаманың орындалмағаны анықталған.

        Сот отырысында балабақша өкілі кінәсін мойындап, ТЖБ оттықты балабақшаның негізгі ғимаратынан шығару нұсқамасы қаражаттың жоқтығына байланысты орындалмағанын түсіндірді.

       Сот балабақшаны ӘҚБК 462 б. 3 б. (нұсқамаларды және заңты талапты тиісінше орындамау) бойынша айыпты деп танып, қызметін тоқтатусыз 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындады.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

      «Шарбақты аудандық сотының

      баспасөз қызметі»