Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шетелдік ел аумағынан шығарылды
Басты Сот және сот төрелігі Шетелдік ел аумағынан шығарылды

Шетелдік ел аумағынан шығарылды

          Көш-қон заңнамасын бұзғаны үшін Шарбақты аудандық сотымен Өзбекстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

          2017 жылдың 09 тамызында көш-қон полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының аумағында ішкі істер органдарында тіркеусіз мерзімнен тыс болған Өзбекстанның азаматы анықталды.

          Сотта шетелдік кінәсін толығымен мойындап, көш-қон қызметіне заңды білмегендіктен жүгінбегенін түсіндірді. Қазақстанға достарына қонаққа келген. Елде болған мерзімде Павлодар қаласында мейрамханада аспазшының көмекшісі болып жұмыс жасаған.

          Сот құқықбұзушыны ӘҚБК 517 б. 2 б. бойынша айыпты деп танып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жазасы тағайындалды.

      Қаулы заңды күшіне енді

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»