Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Тұрғындарды алдаған
Басты Сот және сот төрелігі Тұрғындарды алдаған

         Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауданының аумағында алаяқтық жасаған бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

         Сотталушы 2016 жылдың 27 желтоқсанында Шарбақты ауданының Алексеевка ауылына келіп, өзін «Космос плюс» компаниясының қызметкері деп таныстырған. Жаңа спутниктік антенналарды жөндеу жұмыстарын жүргізген болып, жұмысы үшін жәбірленушілерден 7000 тенгеден алған. Ауылдың үш тұрғыны алаяқтың алдауына түскен.

        Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленушілер медиация тәртібінде татуласып, сотталушы жазадан босатылды.  

       Қаулы заңды күшіне енді.

       «Шарбақты аудандық сотының

       баспасөз қызметі»