Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Әкімшілік қадағалау орнатылды
Басты Сот және сот төрелігі Әкімшілік қадағалау орнатылды

Әкімшілік қадағалау орнатылды

Шарбақты аудандық сотымен Ф. атты азаматқа қатысты Шарбақты ауданының ІІБ әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысы қаралды.

Аталған азамат бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққаннан кейін түзелу жолына тұрмаған, әрдайым қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзып, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған.

Сот қаулысымен оған келесі шектеулер тағайындаумен, 6 айға әкімшілік қадағалау орнатылды: тұрғылықты мекен-жайын ІІБ басшылығының рұқсатынсыз тастап шықпауға, көңіл көтеру орындарына бармауға және алкогольды, есірткі заттарын қолдануға тиым салу.

Қаулы заңды күшіне енді

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»