Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ұрлық бойынша қылмыстық іс қысқартылды
Басты Сот және сот төрелігі Ұрлық бойынша қылмыстық іс қысқартылды

Ұрлық бойынша қылмыстық іс қысқартылды

 

Шарбақты аудандық сотымен ұрлық фактісі бойынша Павлодар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сотталушы 2017 жылдың 05 мамырында Маралды ауылында өзінің танысының ауласынан жалпы құны 14000 тенге тұратын екі үй қояндарын ұрлап кеткен.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласты. Сот қаулысымен сотталушы жазадан босатылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі