Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»
Басты Сот және сот төрелігі «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Шарбақты ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» тақырыбында аудандық конкурс өтті.

Аталған конкурсқа аудандық соттың аға сот приставы Ербол Оспанов қатысты.

Байқауға қатысушылар үш тапсырма бойынша сыннан өтті. Бірінші кезеңде ресми құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасады. Екінші кезеңде мемлекеттік тілде қанатты сөздерді білу білімдері тексерілді. Үшінші кезең қатысушылардың екі тілді меңгеру деңгей тексерілді.

Сайыс қорытындысы бойынша Е.Оспанов екінші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»