Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жанармай ұрлағандар сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Жанармай ұрлағандар сотталды

Жанармай ұрлағандар сотталды

Шарбақты аудандық сотымен «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» АҚ-ның үш қызметкері жанармай ұрлағандары үшін сотталды.

2017 жылдың 25 наурызында тепловоз машинистары 300 литр дизель жанармайын алты ыдыстарға құйып алып, Ресей Федерациясына бағытта Шарбақты ауданының Кургамыс бекеті жанынан өтіп бара жатып, жолға лақтыра бастаған.Ұрланған жанармайды алдын-ала келісім бойынша бекет кезекшісі күтіп тұрған. Бірақ машинист Р., оның көмекшісі Е. және бекет кезекшісі М. өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыра алмаған. Сотталушы М. ұрланған жанармай толтырылған ыдыстарды жинау кезінде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот үкімімен жүргізушіге және оның көмекшісіне 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы, ал бекет кезекшісіне 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»