Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қалта ұрлығы бойынша іс қаралды
Басты Сот және сот төрелігі Қалта ұрлығы бойынша іс қаралды

Қалта ұрлығы бойынша іс қаралды

Шарбақты аудандық сотымен ұрлық фактісі бойынша колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 12 сәуірінде сотталушы Шарбақты ауылының «Асхат» дүкені жанында танысымен кездесіп, оны құшақтап амандасқан. Осы кездесуден кейін жәбірленуші киімінің қалтасынан құны 36000 тенге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефоны жоғалғанын байқаған.

Сот тергеуі басталмас бұрын тараптар татуласып, ҚК 188 б. 1 б. (ұрлық) бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»