22 Сентября
, 12:56
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Аурухандағы ұрлық
Басты Сот және сот төрелігі Аурухандағы ұрлық

Аурухандағы ұрлық

Шарбақты аудандық сотымен аудандық ауруханада ақша ұрлағаны үшін 1973 ж.т. әйел адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 05 маусымында сотталушы хирургтың бөлмесінде жәбірленушінің дәрігермен сөйлесіп жатқанын пайдаланып оның сөмкесінен 5000 тенге ақшаны ұрлап кеткен.

Сот тергеуі басталмас бұрын сотталушы жәбірленушімен дауды бейбіт түрде шешу туралы келісімге келіп, сотқа қылмыстық істі медиация тәртібінде шешу туралы жәбірленушімен және сотталушымен қол қойылған келісімді ұсынды.

ҚК 188 б. 1 б. (ұрлық) бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылып, сотталушы жазадан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»