Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Баласын абайсыздан қазаға ұшыратқан ана сотталды
Басты Сот және сот төрелігі Баласын абайсыздан қазаға ұшыратқан ана сотталды

Баласын абайсыздан қазаға ұшыратқан ана сотталды

Шарбақты аудандық сотымен төрт айлық баласын абайсыздан қазаға ұшыратқан 1989 жылы туылған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы 2017 жылдың 14 наурызында кешкі уақытта ішімдік ішкеннен кейін сәбиді жанына алып, екі кісіге арналған төсекке ұйықтауға жатқан. Ұйқы кезінде қызын өзінің денесімен басып, демалу жолдарын жауып, бала тұншығып қайтыс болған.

Сот отырысында сотталушы әйел кінәсін толығымен мойындап, келесі түсініктеме берді. Сол күні сотталушы баланың жәрдемақысын алып, қызына киім, азық-түлік сатып алған. Түскі уақытта бір бөтелке сыра ішіп, кешкісін қызын жанына алып, ұйқы алдында оны кеудесімін емізіп жатқан. Таңғы сағат 05:00 шамасында емізуге оянған кезде баланың қайтыс болғанын көрген.

Сот әйелді ҚК 104 б. 1 б. бойынша айыпты деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»