Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Шетелдік азамат қамауға алында
Басты Сот және сот төрелігі Шетелдік азамат қамауға алында

Шетелдік азамат қамауға алында

Шарбақты аудандық сотымен көш-қон заңын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 7 маусымында Шарбақты ауылында көш-қон қызметкерлерімен тіркелген мекен жайы бойынша тұрмайтын шетелдік азамат анықталған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, 2017 жылдың наурыз айында Қарағанды облысы Қаражал қаласына жұмыс атқару үшін келгенін түсіндірді. Мамыр айында ол жұмыс іздеп Шарбақты ауылына келген. Тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелу қажеттігін білмегенін айтты.

Сот шетелдікті ӘҚБК 517 б. 2 б. айыпты деп танып, 1 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»