Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Сиырларды соққан құқықбұзушы жазаланды
Басты Сот және сот төрелігі Сиырларды соққан құқықбұзушы жазаланды

Сиырларды соққан құқықбұзушы жазаланды

Шарбақты аудандық сотымен 1959 жылы туылған аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы 2017 жылдың 31 мамырында масс күйінде Бөріктал ауылында «NissanTerrano» автокөлігін басқарап келе жатып, сиырларды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, көліктің басқаруына ие бола алмай сиырларды соққанын түсіндірді. Сиырлардың иесіне келтірілген шығында өтеп берген.

Сот оны ӘҚБК 608 б. 3 б., (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы және көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) 611 б. 2 б. (жүргізушінің өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша айыпты деп танып, 6 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»