Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қоғамдық орындаға құқықбұзушылық
Басты Сот және сот төрелігі Қоғамдық орындаға құқықбұзушылық

Қоғамдық орындаға құқықбұзушылық

 

Шарбақты аудандық сотымен қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін Шарбақты ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 06 маусымында құқықбұзушы аудандық орталық ауруханасы ғимаратында куәландыруды өту кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық орында тыныштықты бұзған.

Сот, құқықбұзушының жұмыс істемейтінін, құқықбұзушылықтың адамдар емделетін жерде, яғни аудандық ауруханада жасалғанын ескере отыра, оған 5 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»