Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Қоғамдық жұмыстарға тартылды
Басты Сот және сот төрелігі Қоғамдық жұмыстарға тартылды

Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін Галкино ауылының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 10 мамырында сотталушы «Ваз 21703 LadaPriora» маркалы көлігін Орловка ауылында басқарып келе жатқан. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын тыңдамай, қозғалысын жалғастырған. Көше қиылыстарында көлік басқаруына ие бола алмай, телеграф бағанасына соғылып, оқиға орынын қашып кетіп, автокөлікті үйінің ауласында жасырып, тіркеу нөмерлерін шешіп тастаған.

Сотта сотталушы кінәсін толығымен мойындады.

Сот оны ҚК 379 б. 1б .бойынша айыпты деп танып, 120 сағат қоғамдық жұмыстар жазасын белгіледі.

        Үкім заңды күшіне енген жоқ

        Шарбақты аудандық сотының

        баспасөз қызметі