Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Көлік жүргізу құқығына айрылды
Басты Сот және сот төрелігі Көлік жүргізу құқығына айрылды

Соңғы бір айда Шарбақты аудандық сотымен тракторды мас күйінде басқарған «Победа» ЖШС механизаторларына қатысты екінші әкімшілік іс қаралды.

       2017 жылдың 28 мамырында таңғы сағат 7 шамасында жүргізуші Орловка ауылы Западная көшесінде алкогольды мас күйінде «МТЗ-80» тракторын басқарған.

       Құқықбұзушы сотта кінәсін толығымен мойындады.   Құқықбұзушы медициналық қорытындыға сәйкес жеңіл алкогольды мас күйде болған.  

       Сот механизаторды ӘҚБК 608 б. 1 б. айыпты деп танып, оны 3 жылға  трактор жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

     Қаулы заңды күшіне енген жоқ

     «Шарбақты аудандық сотының

    баспасөз қызметі»