Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Жүргізушіге айыппұл тағайындалды
Басты Сот және сот төрелігі Жүргізушіге айыппұл тағайындалды

Жүргізушіге айыппұл тағайындалды

Шарбақты аудандық сотымен қылмыстық теріс қылық жасаған «Ертіс-орманы» РММ инженеріне қатысты іс қаралды.

Сотталушы көлік жүргізу құқығынан бес жылға айрылғанын біле тұра 2017 жылдың 12 мамырында Шарбақты ауданы Шалдай ауылында мас күйінде «Аudi 80» маркалы автокөлігін басқарған.

Сотта ол кінәсін толығымен мойындап, өзінің жасаған құқықбұзушылығын түсіндіре алмады.

Сот сотталушыны ҚК 346 б. 1 б. (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша айыпты деп танып, көлік құралын басқарумен байланысты белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 56725 тенге көлемінде айыппұл тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»