18 Сентября
, 20:35
В Щербакты:0
  • 0
  • 0
  • 0
rss

Шарбақты ауданының

әкімдігі

ресми интернет-ресурс

alt

Акимат

Щербактинского района

официальный интернет-ресурс

Навигация
Ауылдық әкімдікте кездесу өтті
Басты Сот және сот төрелігі Ауылдық әкімдікте кездесу өтті

Ауылдық әкімдікте кездесу өтті

Шарбақты аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Бердиева Шарбақты ауданы Шалдай ауылының әкімдігінде ауылдың кәсіби емес медиаторларымен және әкімдік қызметкерлерімен «Сот кабинеті» электронды жүйесімен және Жекелеген санаттар бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеу пилоттық жобасымен таныстыру бойынша кездесу өткізді.

Ж.Бердиева «Сот кабинеті» сервисі өзара іс-қимыл пайдалана отырып электрондық кілт арқылы электрондық сот өндірісін жеңілдету туралы айтып өтті. Осы сервис арқылы әр азамат кез келген уақытта үйден шықпай-ақ талып-арызды, өтініштерді сотқа электронды түрде жолдай алатынын ерекше атады.

Кездесу барысында медиатор Е.Хамитов пилоттық жоба аясында сотқа дейінгі дауларды реттеу және медиация тәртібімен шешуді пилоттық жоба аясында қолданудың маңыздылығымен таныстырып өтті.

Дөңгелек үстел соңында шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

«Шарбақты аудандық сотының

баспасөз қызметі»